Азаматтарды жеке қабылдау кезінде осы мәселелерді шешуге жәрдемдесу туралы өтінішпен «Ақжар - 2», «Ақжар плюс» және «Взрывпром» тұрғын аудандарының тұрғындары облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғмановқа жүгінді.
Бұған дейін «Ақжар плюс» ауданының тұрғындары облыстық мәслихатқа осы тұрғын алабын электрмен, сумен және газбен жабдықтау мәселелерін шешуге көмек сұраған болатын. Атқарушы ресми органдарға жүгінген депутаттардың күш - жігерінің арқасында проблемалар шешілді, бірақ облыстық мәслихат хатшысының қабылдауында болған осы тұрғын алабының тұрғыны Жомарт Картбаев түсіндіргендей, өткен уақыттан бері бұл аудандарда халық саны бірнеше есе өсті және су тапшылығы туындап отыр.
- Осы аудандар тұрғындарының атынан облыстық мәслихаттың депутаттары мен хатшысына мәселенің шешілуіне ықпал жасап, жәрдем көрсеткені үшін алғыс айтамын, Сіздің күш - жігеріңізсіз аудан әлі газдандырылмас еді, жарық пен су да бомас еді - деді ақтөбелік тұрғын. - Бірақ тұрғындар санының артуымен біз белгілі бір қиындықтарға тап болдық. Мысалы, «Ақжар плюс» ауданында мектеп салу қажеттілігі орын алып отыр, біздің балалар «Ақжар - 2» ауданындағы №49 мектепке барады. Ал қазір 320 орындық мектепте 830 - дан астам бала оқиды. Аудан тұрғындары облыстық мәслихат депутаттары тарапынан жасалған көмекке алғыстарын білдіре отырып, жинақталған мәселелерді шешуге тағы да ықпал жасауларын сұрады.
Сонымен қатар Жомарт Кәріпбаев тұрғын үй алабының мәртебесін өзгертуге жәрдемдесу туралы өтініш білдірді.
- Егер қазір бау - бақша ұжымы мәртебесіне ие болып отырған біздің «Ақжар плюс» өзгерсе, онда проблемалар жеңіл шешілуі мүмкін, - деді ол тағы бір өтінішінде.
Облыстық мәслихаттың хатшысы бірқатар сұрақтарды мұқият тыңдап, облыстық мәслихат бұл сұрақтарды өз бақылауына алатынына сендірді.
- Тиісті мекемелердің басшылығынан осы сұрақтарға жауаптар талап етілетін болады, осы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар облыс басшылығына ұсынылатын болады, - деп сендірді облыстық мәслихаттың хатшысы.
https://uil-maslihat.kz/kz/zhanaly-tar/887-baspas-z-khabarlamasy-osymsha-su-m-narasyn-tere-su-sor-ylaryn-ornatu-bau-ba-sha-zhymyny-zht-m-rtebesin-zgertu-zh-ne-mektepti-ke-ejtu.html#sigFreeId3767234466
Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз қызметі