Ойыл аудандық  мәслихаты, Ойыл ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша Жұмыс тобының мүшелігіне конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардың арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды тапсырады:
1) жұмыс тобының құрамына кандидатураны ұсыну туралы азаматтың өтініші;
2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Ашықтылық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін Жұмыс тобының отырысына дауыс беру құқығы жоқ, коммерциялық емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын байқаушылар қатыса алады.
Жұмыс тобының отырысына қатысуға құқығы бар байқаушылардың тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу жүргізу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам бекітілген нысан бойынша өтініш береді.

Коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтардан және байқаушылардан құжаттар 2022 жылдың 10 мен 17 қаңтары аралығында мына мекен-жай бойынша жазбаша түрде қабылданады:

Ойыл ауылы, Құрмағазин көшесі 43, аудандық мәслихаттың қабылдау бөлмесі, сағат 08.30-дан 17.30-ға дейін, үзіліс 12.00-ден 13.30-ға дейін,

анықтама үшін телефондар: 2-13-70 және      2-11-78, электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

Өтініштердің нысандарымен аудандық мәслихаттың сайтында келесідей электронды сілтеме бойынша танысуға болады: http://uil-maslihat.kz

Атауы Жүктеу
1 Өтініш