Еліміздің өркендеуі жолында облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар Ата заңымызды, Президентіміздің стратегиялық даму бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, жұмыс істеп келеді.

2021 жылдың 10 қаңтарында өткен кезекті сайлаудан кейін жетінші шақырылған Ойыл аудандық мәслихатына 11 депутат сайланды. Депутаттық корпустың жаңартылған құрамында 3 партияның өкілдері бар, соның ішінде «Nur Otan» партиясының мүшелері 9, «Ауыл» және «Қазақстан Халық партиясы» партияларынан 1 өкілден.

Депутаттық корпуста 3 әйел, депутаттардың жалпы санының 36,4 пайызын құрайды. Депутаттардың орташа жасы – 42.

7 – адам (63,6 пайыз) алғаш рет аудандық мәслихаттың депутаты болып отыр. Аудандық мәслихатқа әртүрлі саланың өкілдері кірді. Депутаттардың жалпы санының ішінде 8 адам – мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, 2 адам кәсіпкерлік саладан және 1 адам – қоғамдық бірлестік өкілі.

Ойыл аудандық мәслихаты өз жұмысын Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де Заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жүргізеді.

Аудандық мәслихаттың негізгі жұмыстары аудандық мәслихат сессиясында бекітілген жоспар мен аудандық мәслихаттың Регламентіне сай сессиялар мен тұрақты комиссиялар отырыстары арқылы атқарылады.

2021 жылы 9 сессия өткізілді, оның ішінде 5-уі кезекті және 4-уі кезектен тыс сессиялар. Сессияларда барлығы 110 шешім қабылданды және бекітілді, соның ішінде 10 нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеуден өткізілді. Аудандық мәслихаттың барлық сессиялары ашық сипатта өткізіледі. Осы бағытта есепті кезеңнің қараша айынан бастап аудандық мәслихаттың сессиялары мен тұрақты комиссияларының отырыстарын Aitube отандық платформасы арқылы онлайн-трансляциялау жүзеге асырылып келеді. Сессиялар жұмысына аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, аудандық бөлімдер мен басқармалар басшылары, бұқаралық ақпарат құралының және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып отырады.

Мәслихаттың сессияларына депутаттардың орташа қатысымы 90,9 пайызды құрады. Шақырылымның басынан бері депутаттар А.З.Ақбисенова, И.Ш.Берғалиев, Е.Ж.Жиеналин және А.Қ.Ғазез бірде-бір сессияны жіберген жоқ. Өкінішке орай, дәлелді себептермен депутаттар Н.Қ.Дәулетқалиев, Н.М.Нұрбаев және М.Б.Омарова – 1 реттен, Ж.Ж.Жақып, Б.М.Есқалиева және С.К.Сармұханов – 2 реттен сессияға қатысқан жоқ.

Сессияларға дайындық жұмыстары мен оларды сапалы өткізу мақсатында мәслихат аппаратының жауапты қызметкерлерімен нақты орындау мерзімдері белгіленіп, негізгі іс-шаралардың жоспары жасалады.

Сессияның өтетіндігі туралы ақпарат аудандық «Ойыл» газеті мен аудандық мәслихаттың ресми сайтында жариялау арқылы тұрғындарға хабарланады.

Аудандық мәслихаттың сессияларында аудан көлеміндегі маңызды мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданады.

Сессияларда қаралған маңызды мәселелер:

аудандық мәслихат хатшысын сайлау, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру, олардың төрағаларын сайлау, «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу, аудандық мәслихаттың регламентін бекіту, Ойыл ауданының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасын бекіту, аудан әкімі орынбасарының ауданда агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі есебі, ауданда ветеринариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жұмыстары туралы, 12 елді мекеннің бас жоспарын бекіту, 2021-2023 жылдарға арналған аудандық, ауылдық бюджеттерді нақтылау, 2020 жылғы аудандық және ауылдық бюджеттердің атқарылуы туралы аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің есептері туралы, аудандық маңызы бар «Ойыл-Қараой» автомобиль жолын орташа жөндеу жобасына жасалған жобалық сметалық құжаттамасына түзетуді мақұлдау туралы, Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудан әкімі А.Қ.Қазыбаевтың есебі туралы, аудандық мәслихаттың білім, мәдениет, денсаулық сақтау, құқық тәртібі және жастар саясаты мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы, Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы №192 «Ойыл ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Ойыл ауданы бойыша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы және басқалары. Сессияларда тиісті лауазымды тұлғалар есеп беріп хабарламалар жасады.

Сонымен қатар, өткен 2019-2020 жылдарда мәслихат сессиясында қабылданған шешімдердің орындалуы алдын-ала тұрақты комиссия отырысында талқыланып, мәслихат сессиясында қаралды. Атап айтсақ, аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 27 қыркүйектегі №332 «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешімін ауданда жүзеге асыру туралы» шешімінің орындалуы қаралып, тиісті мекеме басшыларына елді мекендер аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстау мен абаттандыруда, шешімнің атауында көрсетілген облыстық мәслихатпен бекітілген Қағиданы басшылыққа алып, жұмыстарды одан әрі жүйелендіру және аудандық әкімдікке осы шешімнің ауылдық округтерде нақты орындалуын үйлестіру мен бақылау ұсынылды.

Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 13 наурыздағы №377 «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №84 «Ақтөбе облысының аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы» шешімінің Ойыл ауылдық округінде жүзеге асыру туралы» шешімінің орындалуы қаралып, тиісті мекеме басшыларына, шешімде айқындалған талаптарды аса жауапкершілікпен карап, нақты орындау шараларын қабылдау, ауыл шаруашылығы жануарларын белгіленбеген орындарда және ветеринариялық құжаттарсыз сатуға тыйым салу мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің «Жануарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа алу, елді мекендерде жазғы жайылымды тиімді пайдалану және орталықтардағы қараушысыз жүрген жануарларды болдырмау мақсатында жеке тұрғындардың малдарын жаюды «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 24 ақпандағы №16 «Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» шешімінің талаптарын бұлжытпай орындау шараларын ұйымдастыру және ауылдық округ орталықтарындағы жергілікті халыққа ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) малдардан басқа малдарын, Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына сәйкес бағу қажеттілігін түсіндіруді күшейтіп, осы малдарды 2022 жылдың жазғы жайылымдарымен қамтемелеу (жайылымдар басына қоралар мен малшыларға тамдар салу, малдарды суаруға скважиналар орнату және тағы басқалар) шараларын ұйымдастыру ұсынылды.

Осы шешімді орындау барысында кемшіліктерге жол берілгені үшін, Ойыл ауылдық округінің әкімін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағындағы 6)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы, аудан әкімі А.Қ.Қазыбаевтың атына 2021 жылдың 5 мамырында №01-4/76 санды қатынасымен ұсыныс жіберілді.

Есепті уақыт аралығында 5 депутаттық сауал туралы шешім қабылданып, тиісті органдарға қаралған заңдылықтарға сәйкес жауап беру үшін жолданды. Қазіргі уақытта 3 депутаттық сауал қанағаттандырылды.

Мәслихат міндеттерінің басым бағыттарын жүзеге асыруда тұрақты комиссиялардың орны ерекше. Өңір тынысына қатысты өзекті мәселелер міндетті түрде тұрақты комиссия отырыстарында қаралады. Аудандық мәслихатта екі тұрақты комиссия жұмыс жасайды. Сонымен қатар, сессияларда қаралатын мәселелер де алдын ала комиссияда талқыланып, шешім жобалары әзірленеді.

Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және аграрлық сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жыл қортындысы бойынша 4 жоспарлы және 9 жоспардан тыс отырыстары өткізілді. Оларда: «Ауданда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю туралы», «Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» талаптарын жүзеге асыру туралы», «Аудандық бюджеттің атқарылуы туралы», «Салық базасын нығайту және аудандық бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту туралы», «Ауданның 2021-2025 жылдарға арналған аудандық даму бағдарламасы туралы шешімнің орындалуы туралы», «2022-2024 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешім жобасы», «2022-2024 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешім жобасы туралы» және «Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу бойынша шаралар туралы» өзекті деп есептелетін мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Жоспардан тыс 9 отырыста 10 мәселе қаралды. Атап айтсақ:

- ауданда ветеринариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жұмыстары туралы;

- аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 467 «2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

- ауданішілік жолдардың жай-күйі мен оларды қалыпты жағдайда ұстау туралы;

аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 14 наурыздағы № 262 «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 5 маусымдағы «Ақтөбе облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасы туралы» № 122 шешімінің ауданда жүзеге асырылуы туралы» шешімінің орындалуы туралы;

- аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 13 наурыздағы № 377 «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 84 «Ақтөбе облысының аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы» Ойыл ауылдық округінде жүзеге асырылуы туралы» шешімінің орындалуы туралы;

- аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 469 «Қазақстан Республикасының «Кәсіпкерлік кодексінен» туындайтын жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудағы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының есебі» шешімінің орындалуы туралы;

- аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 13 наурыздағы № 377 «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 84 «Ақтөбе облысының аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы» шешімінің Ойыл ауылдық округінде жүзеге асырылуы туралы» шешімінің Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінде орындалуы туралы;

- аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 332 «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешімінің ауданда орындалуы туралы» шешімінің орындалуы туралы;

- аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 467 «2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

- аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 13 наурыздағы № 377 «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 84 «Ақтөбе облысының аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы» шешімінің Ойыл ауылдық округінде жүзеге асуы туралы» шешімінің орындалуы туралы.

Осы қаралған мәселелер тұрақты комиссия отырыстарында жан-жақты талқыланып, сұрақтар қойылып, қаулы жобасы қабылданып, тиісті атқарушы органдарға орындау үшін таратылды.

Сонымен қатар, аудан үшін өзекті мәселелер «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» № 349 шешімінің орындалуы туралы» және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 24 ақпандағы «Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» №16 шешімінің орындалуы туралы ауылдық округтерде көшпелі отырыстар өткізілді.

Аудандық мәслихаттың білім, мәдениет, денсаулық сақтау, құқық тәртібі және жастар саясаты туралы комиссиясында 2021 жылдың қортындысы бойынша төрт жоспарлы отырыс өткізіліп, онда білім, мәдениет, денсаулық сақтау, құқық тәртібі және жастар саясаты бағытындағы өзекті деп есептелетін мәселелер қаралды. Атап айтсақ:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының орындалу барысы туралы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының есебі;

- Ойыл ауылдық округі әкімінің тұрғындардың қосалқы шаруашылығын дамыту және көктемгі бау-бақша егу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстары туралы;

- Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 405 «Ауданда дене шынықтыру және спорттың жағдайы және одан әрі дамыту бойынша шаралар туралы» шешімінің орындалуы туралы;

- ауданда халықты әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды орындауда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің атқарған жұмысы туралы;

- мәдениет саласында атқарылған жұмыстар туралы;

- 2021 жылғы 1 жартыжылдығының жергілікті полиция қызметінің есебі;

- кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі атқарылған жұмыстары туралы.

Осы қаралған мәселелерге тиісті Заң нормаларының орындалуы жан-жақты талқыланып, шешімін таппай, нәтижесі төмен бағыттар бойынша алдағы уақытта тиесілі нәтижеге қол жеткізу мақсатында қаулылар қабылданып, тиесілі атқарушы органдарға орындау үшін таратылды.

Тұрақты комиссиялар ауданның әрі қарай дамуына оңтайлы ықпал ететін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар мәселелерді қарауды өздерінің ең басты міндеттері деп санайды. Екі тұрақты комиссияның төрағалары да (С.М.Нұрбаев пен И.Ш.Берғалиев) заңнама талаптарына сәйкес аудандық мәслихат сессиясында жасалған жұмыстары туралы есеп берді.

Сонымен қатар, депутаттармен кестеге сәйкес 2021 жылдың қортындысы бойынша 83 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 243 жеке сайлаушылардың өтініштері қабылданды. Оның ішінде, 115 өтініш қанағаттандырылды, 81-не түсінік жұмыстары жүргізілді және 47 өтініш қосымша бақылауға алынды.

Аудандық мәслихаттың аппараты ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері сессиялардың күн тәртібіне енгізілген мәселелерге байланысты материалдардың орындалу сапасына мән беріп, оны дайындауға тікелей қатысады. Аудандық мәслихат қызметінің жариялылығын, ашықтығын қамтамасыз ету бағытында қазіргі заманғы коммуникациялық технологиялар кеңінен қолданылады, мәслихат жұмысына байланысты материалдар әлеуметтік желілерде (инстаграмм және фейсбук парақшаларында) орналастырылады. Аудандық мәслихаттың жұмыстары туралы нақты ақпараттар жүйелі түрде «uil-maslihat.kz» ресми сайтында жарияланып отырады. Сайлаушылар өзіне қажетті ақпаратты осы ресми сайттан ала алады.

Аудандық «Ойыл» газетіне тұрғындарды ақпарттандыру мақсатында аудандық мәслихат депутаттары М.Б.Омарованың «Көтерме жол. Канадалық әдіс. Жұмыс ұдайы бақылауда», Е.Ж.Жиеналиннің «Nur Otan» «Әр азаматқа лайықты өмір!» Ұсынылады» және аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жайында не білеміз?», «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметші», «Мал жаю тәртібіне бағыну - қазіргі кездегі ең маңызды мәселе», «Жерлеу, зираттарды күтіп ұстау жөнінде не білеміз?», «Ойыл ауданының Құрметті азаматы» атағын беру жайында не білеміз?» атты мақалалары жарияланды.

Аудандық мәслихаттың депутаттары әртүрлі қайырымдылық акцияларына, әлеуметтік жобаларды және аудан тұрғындарының мәселелерін шешуге белсенді қатысып келеді. Есепті кезеңде депутаттар жалпы сомасы 2 млн. 800 (екі миллион сегіз жүз) мың теңгеден астам әртүрлі қайырымдылық көмек көрсетті. Соның ішінде, Қайыңды ауылдық округі Көсембай ауылының тұрғынына 840 (сегіз жүз қырық) мың теңгеге тұрғын үй салу үшін құрылыс материалдарын алып беруге ықпал етілгенін, «Nur Otan» патиясының ғимаратына 230 (екі жүз отыз) мың теңгеге газ кіргізілгенін, «Ақбидай» облыстық VІІ ауыл спорт ойындарының спортшы жеңімпаздарына 100 (жүз) мың теңге және «Еркін күрес» облыстық шарасын ұйымдастыруға 100 (жүз) мың теңге қайырымдылық көрсеткенін атап өткен жөн.

Осылармен қатар, облыстық мәслихаттың депутаты, өзіміздің жерлесіміз, «Анвар» ЖСШ-нің директоры, меценат Салфиков Талғат Маратұлының ауданымызға жасаған қайрымдылығын айтпай кетуге болмайды. Ол өз тарапынан аудандағы аз қамтылған отбасыларына арналған жалпы сомасы 2 200 (екі миллион екі жүз) мың теңгені құрайтын азық-түлік салынған жүз әлеуметтік пакет жолдады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында ауданымыздың 30 отбасына, әрқайсысы 30 (отыз) мың теңгенің азық-түлік жиынтығын жіберсе, 115 балаға жаңа жылдық тәтті сыйлықтар мен ойыншықтар жіберді.