2021 жылдың 30 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясының үзілістен кейінгі отырысы өтті.

Күн тәртібінде төмендегідей мәселе қаралды:

Хабарламашы: Ұлықпанов Қ.Ж. - аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы

Отырыста аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қ.Ж.Ұлықпановтың «2022-2024 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» хабарламасы тыңдалып, сұрақтар қойылып, тиісті шешім қабылданды.