2021 жылдың 23 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясының отырысы өтті.
Отырысқа аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, Қоғамдық кеңес төрағасы мен кейбір бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:

  1. «2022-2024 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы»
  2. 2022 жылға арналған Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнекәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы
  3. Ойыл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 қаңтардағы №9 «Ойыл ауданының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасын бекіту туралы» шешімін жою туралы

 Баяндамашы: Ұлықпанов Қ.Ж. -  аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау  бөлімінің басшысы

  1. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының ауданда жүзеге асырылуы туралы

Хабарламашы: Бақтыгереев Т.Б. - Ойыл ауданының ТЖБ бастығы

  1. Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және аграрлық сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі

Хабарламашы: Берғалиев И.Ш. - аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және аграрлық сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

  1. Көптоғай және Ш.Берсиев атындағы ауылдық округтерінің елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобалары үшін қосымша жер учаскелерін бекіту туралы
  2. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 қыркүйектегі №76 «Саралжын, Сарбие, Қараой, Қайыңды ауылдық округтеріне елді мекендер аумақтарында жер-шаруашылық жайғастыру жобалары үшін қосымша жер учаскелерін бекітіп беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: Төремұратов М.О. - аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы

  1. Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №277 «Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Хабарламашы:  Б.Ж.Иманғалиев - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басшысы

  1. Рахим Кожасович Карабалиевке «Ойыл ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы

Хабарламашы: М.Б.Айдарбаев - аудан әкімінің орынбасары

  1. Аудандық мәслихат депутаты С.Ғ.Займолдиннің депутаттық сауалы туралы

Хабарламашы: С.Ғ.Займолдин - аудандық мәслихат депутаты

  1. Аудандық мәслихат депутаты С.Ғ.Займолдиннің депутаттық сауалы туралы

Хабарламашы: С.Ғ.Займолдин - аудандық мәслихат депутаты 

  1. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы қызметін қамтамасыз етуге арналған қаржы шығындары, аудандық мәслихаттың құрылымы, штат кестесі және қызметтік автокөлігінің лимиті туралы
  2. Аудандық мәслихаттың 2022 жылға арналған  жұмыс жоспары   туралы
  3. Аудандық мәслихаттың кезекті оныншы сессиясының күн тәртібі туралы
  4. Аудандық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясына 30 желтоқсанға дейін үзіліс жариялау туралы

Хабарламашы: Займолдин С.Ғ.- аудандық мәслихат хатшысы

Хабарламашыларға депутаттар тарапынан тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып тиісті жауаптар алынды және әрбір мәселеге сәйкес шешімдер қабылданды