Бүгін, жас сәбилерді риясыз қуаныш пен шаттыққа кенелткен күн болды!

«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» демекші, тағы да жерлесіміз, «АНВАР» ЖШС- тің бас директоры, «Nur Otan» партиясы атынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Талғат Салфиков 115 балаға жаңа жылдық тәтті сыйлықтар мен ойыншықтар жіберді.

Партияның аудандық филиалы жомарт жанның бүлдіршіндерге деп жолдаған аманатын салтанатты түрде табыс етіп, ата- ана мен сәбилердің қуанышына куә болды.

Сыяпатын алуға келген балалар жаңаша жасанып, жаңа жылдық киімдерін киіп келіпті. Барлығы дайындап келген тақпақтарын, ән- жырларын айтып өз өнерлерін ортаға салып бақты.

Жаңа жылдық сыйлықты үлестіруге келген «Nur Otan» партияcы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркін Жиеналин, аудандық мәслихат хатшысы Сәкен Займолдин, аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев, аудандық мәслихат депутаттары Сәндібек Нұрбаев, Исатай Берғалиев бүлдіршіндерді жаңа жылымен құттықтап, жарқын болашақтарына игі тілектерін тіледі.