2021 жылдың 24 қараша күні Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы Займолдин Сәкен Ғазизұлы бекітілген кестеге сәйкес сайлаушыларды қабылдады. Қабылдауда түскен өтініштер тұрғын үй және жұмыс мәселелер болды. Оларға тұрғын үй, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабына сәйкес тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берілетіндігі туралы түсінік берілді. Тұрғындардың басқа да өтініштер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында түсініктемелер берілді.