2021жылдың 19 қараша күні Саралжын ауылдық округінің Ақкемер және Бестамақ ауылында Ойыл аудандық мәслихатының депутаты Сармұханов Серік Кәдірғалиұлы сайлаушылармен кездесті. Қабылдауда түскен өтініштерде тұрақты жұмысқа орналасу, шөп және тұрғын үй мәселелері болды. Тұрғындардың сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында түсініктемелер берілді.