Аудандық мәслихаттың кезекті ХІІ сессиясы өтті. Сессияның жалпы отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламалар жасалып, талқыланды. 2017 жылдың 1-ші жарты жылдығында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудан әкімі Бұлбұл Күзембаева баяндама жасады.

Онда аудан бойынша бұған дейін атқарылған жұмыстар баяндалды Аудан басшысы әр салаға жеке жеке тоқталып, барлығын қамтыды. Алты айлықтың нәтижесі бойынша аудандық ішкі істер органы жергілікті полиция қызметінің бастығы Амантай Таласқалиевтың жасаған хабарламасынан аудандағы қылмыстың төмендегенін білуге болады. Айталық, өткен жылы 58 қылмыс тіркелсе биыл 18ге азайған. Бұзақылық бойынша 750 әкімшілік хаттама толтырылып, барлағы 2 859 578 теңге айыппұл салынса, қазіргі таңда 1 859 093 теңгесі мемлекет пайдасына http://cialisfrance24.com өндірілген. Сессияда депутаттардың сұрақтары мен ұсыныстары талқыланып, бірауыздан шешім қабылданды. Сессияны қортындылаған мәслихат хатшысы Берік Бисекенов депутаттардың мәслихаттың от үшінші сессиясының күн тәртібі мен төрағасын бекітуді ұсынды.