Өмірбаяны

Жақып Жұмабай Жарылғасынұлы 1968 жылы 31 мамырда Ақтөбе  облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосында дүниеге келген. Еңбек жолын 1985-1986 жылдар аралығында Ойыл ауданы Сарбие ауылындағы «Жекенді» кеңшарында жұмысшы болып бастаған. 1986-1988 жылдарда Совет Армиясы қатарында болған. 1988 – 2000 жылдар аралығында «Алшын» өндірістік кооперативінде механизатор болып жұмыс жасаған. 2000 жылдын сәуір айынан бастап «Жақып» шаруа қожалығының басшысы қызметін атқаруда. Отбасылы, отбасында 3 бала тәрбиелеуде.