Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және аграрлық сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы комиссия төрағасы И.Берғалиевтың хабарламасы

 

Құрметті депутаттар!

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және аграрлық сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебін ұсынамын.

Мәслихат міндеттерінің басым бағыттарын жүзеге асыруда тұрақты комиссиялардың орны ерекше. Өңір тынысына қатысты өзекті мәселелер міндетті түрде тұрақты комиссия отырысында қаралады. Сонымен қатар, сессияларда қаралатын мәселелер де алдын ала комиссияда талқыланып, шешім жобалары әзірленеді.    

Аудандық мәслихаттың «Әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және аграрлық сала мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының жыл қортындысы бойынша 13 отырыс өткізді. Тұрақты комиссия 5 депутаттан құралған. Өткен тұрақты комиссияның отырысына Е.Жиеналин 3 рет, А.Ғазез 2 рет, С.Сармұханов 4 рет және Ж.Жақып 9 рет қатынаспады.

4 жоспарлы отырыс өткізілді, онда «Ауданда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю туралы», «Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» талаптарын жүзеге асыру туралы, «Аудандық бюджеттің атқарылуы туралы», «Салық базасын нығайту және аудандық бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту туралы», «Ауданның 2021-2025 жылдарға арналған аудандық даму бағдарламасы туралы шешімнің орындалуы туралы», «2022-2024 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешім жобасы, «2022-2024 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешім жобасы туралы және «Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу бойынша шаралар туралы» өзекті деп есептелетін мәселелер қаралды. Атап айтсақ отырыста 8 мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Олар:

  1. Ауданда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөніндегі аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының есебі қаулысында Қазақстан Республикасы «Жайылымдар туралы» Заңын негізге алып, жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау үшін елді мекендер шегінде жайылымдар беру, оларды «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға» сәйкес, ауылдық округ әкімдерінің шешімі арқылы жүзеге асыру, жайылымдарды қалпына келтіру, сақтау, ұтымды пайдалану бағытында тиісті жауапты мемлекеттік органдарға жайылымдық жерді пайдаланушыларға түсіндіру жұмыстарын кеңінен ұйымдастыру ұсынылды.
  2. Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» талаптарын жүзеге асыруда аудандық жер қатынастар бөлімінің атқарған жұмыстары туралы қаулысында бөлім басшысына игерілмей немесе тиімсіз пайдаланып жатқан жерлерді қайтып алу жөніндегі жұмысты Кодекс талабына сай ұйымдастыруды және аудан елді мекендеріндегі Қазақстан Республикасы «Жайылымдар туралы» Заңы талаптарының бұзылу фактілерін анықтау үшін уақытша комиссия құру, оған аудандық мәслихат депутаттарын енгізу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылды.
  3. 2020 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы қаулысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржы тәртібі мәселелерін қатаң және үнемі назарда ұстау, бюджеттік бағдарлама әкімшілері кредиторлық және дебиторлық берешектерді болдырмау ұсынылды.
  4. Ауданда халықты әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды орындауда бөлімнің атқарған жұмысы туралы қаулысында «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» ауданда жүзеге асыру жолында ізденіспен жұмыс атқарып, халықтың неғұрлым көп бөлігін осы бағдарламаға қатыстыру шараларын алып, ынталылығын арттыру бағытындағы жұмысын жандандыру ұсынылды.
  5.    Салық базасын нығайту және аудандық бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту бойынша атқарылған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы

қаулысында аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мен Ойыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына ауыл әкімдерімен бірлесе отырып, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту шараларын шешу жолдарын бекітілген іс-шара жоспарына сай ұйымдастыруды қарастыру ұсынылды.  

  1. Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 9 «Ойыл ауданының 2021-2025 жылдарға арналған аудандық даму бағдарламасы туралы» шешімінің экономикалық салалар бойынша орындалуы туралы қаулысында аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне 2021 жылғы ауданның даму бағдарламасы бойынша жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуына әр ай сайын мониторинг жүргізіп отыру, сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттарына ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығын қолдау мен ауылдық аймақтарды дамыту мәселелері бойынша мемлекет тарапынан қабылданып жатырған мемлекеттік бағдарламаларды бұқара халық арасында кеңінен насихаттау ұсынылды.                                                                       
  2. «2022-2024 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» және «2022-2024 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешімдерінің жобалары туралы қаулысында депутаттық уақытша Жұмыс тобы мен тұрақты комиссияда айтылған негіздемелер мен ескертпелер аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына әзірленетін шешім жобасына енгізілу ұсынылды.            
  3. «Әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу бойынша шаралар туралы» қаулысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу үшін шараларды күшейту, кәсіпкерлермен түсінік жұмыстарын жүргізу, аудан көлемінде азық-түлік тауарлары қорларын жасау, әлеуметтік желілерге үнемі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағаларын көрсете отырып жариялауды ұйымдастыру, ауылдық округтердегі азық-түлік сататын дүкендерді аралап, ондағы бағалардың тұрақтылығын бақылауды ұйымдастыру ұсынылды. Сонымен қатар, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөліміне ауылдық округ әкімдері мен бірлесіп азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында сауда орындарымен меморандумдарға отыру мен жыл бойы онда көрсетілген шарттардың сақталуын қадағалау ұсынылды.

Жоспардан тыс 9 отырыс өткізіліп, онда 10 мәселе қаралды. Атап айтсақ:

  1. Ауданда ветеринариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жұмыстары туралы
  2. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 467 «2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
  3. «Ауданішілік жолдардың жай-күйі мен оларды қалыпты жағдайда ұстау туралы»
  4. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 14 наурыздағы № 262 «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 5 маусымдағы «Ақтөбе облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасы туралы» № 122 шешімінің ауданда жүзеге асырылуы туралы» шешімінің орындалуы туралы
  5. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 13 наурыздағы № 377 «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 84 «Ақтөбе облысының аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы» Ойыл ауылдық округінде жүзеге асырылуы туралы» шешімінің орындалуы туралы.
  6. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 469 «Қазақстан Республикасының «Кәсіпкерлік кодексінен» туындайтын жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудағы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының есебі» шешімінің орындалуы туралы
  7. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 13 наурыздағы № 377 «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 84 «Ақтөбе облысының аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы» шешімінің Ойыл ауылдық округінде жүзеге асырылуы туралы» шешімінің Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінде орындалуы туралы
  8. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 332 «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешімінің ауданда орындалуы туралы» шешімінің орындалуы туралы
  9. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 467 «2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
  10. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 13 наурыздағы № 377 «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 84 «Ақтөбе облысының аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы» шешімінің Ойыл ауылдық округінде жүзеге асуы туралы» шешімінің орындалуы туралы

Осы қаралған мәселелер тұрақты комиссия отырыстарында жан-жақты талқыланып, сұрақтар қойылып, қаулы жобасы қабылданып, тиісті атқарушы органдарға орындау үшін таратылды.

Сонымен қатар, аудан үшін өзекті мәселе ауылдық округтерде «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы»   № 349 шешімінің орындалуы туралы» және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 24 ақпандағы «Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» № 16 шешімінің орындалуы туралы ауылдық округтерде көшпелі отырыстар өткізілді.

Тұрақты комиссия ауданның әрі қарай дамуына оңтайлы ықпал ететін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар мәселелерді қарауды өзінің ең басты міндеттері деп санайды.

Есепті кезеңдегі тұрақты комиссия қызметінің негізгі кезеңдерін қысқаша айтып өттім. Қортындылай айтқанда, өз әріптестеріме, комиссия мүшелерінің жемісті және нәтижелі жұмыстарына ризашылығымды білдіргім келеді.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы алдағы уақытта да ауданды өркендетуге байланысты әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелерді шешуде өз үлесін қосады деп есептеймін.

Хабарлама аяқталды. Назарларыңызға рахмет.