2019 жылғы 14 наурыздағы аудандық мәслихаттың № 272 шешімімен  бекітілген

Ойыл ауданының Қоғамдық кенесі туралы ЕРЕЖЕ

1.Жалпы ережелер

  1. Осы Ойыл ауданының Қоғамдық кеңес туралы Ереже (бұдан әрі-Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының (бұдан әрі-Заң) 8-бабынын 5-тармагына және 9-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы үкіметінін 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік Ережеге сәйкес әзірленді.
  2. Қоғамдық кеңес - коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп жергілікті өкілді органның өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кенесші, байқаушы орган.
  3. Қоғамдық кеңес өкілеттіліктерінің мерзімі үш жылды құрайды.
  4. Мемлекеттік органдардың жанынан Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультативті-кеңесші, байқаушы органдар және коммерцилық емес ұйымдар «қоғамдық кеңес» атауына ие бола алмайды және Заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды.
  5. Қоғамдық кеңес өз қызыметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актіледі, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
  1. Ойыл ауданының Қоғамдық  кеңесін қалыптастыру
  1. Қоғамдық кеңес Заңмен көзделген тәртіппен қалыптастырылады.
  2. Қоғамдық кеңес автономды және дербес болып табылады.
  3. Әр деңгейдегі Қоғамдық кеңестер арасындағы өзара іс-қимыл Заңда көзделген тәртіппен іске асырылады.
  4. Қоғамдық кеңестегі мемлекеттік органдар өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен бірін құрауға тиіс.
  5. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
  1. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімі
  1. Қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдерінен және конкурстық негізде-коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын жұмыс тобы (бұдан әрі-жұмыс тобы) қалыптастырады.                                   

Қоғамдық кеңес мүшелеріне кадидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

  1. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Аталған өкілдіктің дербес құрамын аудандық мәслихаттын хатшысы өзі дербес айқындайды. Бұл кезде аудандық мәслихаттын хатшысы Қоғамдық кеңесте қаралатың мәселелердің басымдығына сүйенуге тиіс.
  2. Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігін құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
  3. Жұмыс тобының сандық құрамын аудандық мәслихаттың хатшысы айқындайды.
  4. Жергілікті өкілді орган жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) мемлекетік органның интернет-ресурсында орналастырады.
  5. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күн мерзімде жергілікті өкілді органға жазбаша турде жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстарын жібереді.

Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.

  1. Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кандидаттарға Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.
  2. Жергілікті өкілді орган конкурс мерзімі аяқталған соң келіп түскен ұсыныстардың негізінде жұмыс тобына кандидаттар тізімін әзірлейді және екі апта мерзімінде жұмыс тобына кандидаттарды, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтарды шақыра отырып отырыс ұйымдастырады.
  3. Аудандық мәслихаттың хатшысы (бұдан әрі-жұмыс тобының басшысы) отырысты ашады және жүргізеді.
  4. Отырыста осы Ереженің 15 және 16-тармақтарының талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидатураларды талқылау жүргізіледі. Кандидатураларды талқылау қортындысы бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі. Отырысқа келмеген кандидатуралар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жиған кандидаттар жеңімпаз болып табылады. Тең дауыс санын жинаған кандидатурлар бойынша жұмыс тобы басшысының даусы шешуші болып есептеледі.
  1. Жұмыс тобының құрамы аудандық мәслихат хатшысының өкімімен бекітіледі.

Жұмыс тобының басшысы оның мүшелері қатарынан хатшыны тағайындайды.

  1. Жұмыс тобының құрамы жергілікті өкілді органның ресми интернет-ресурысында жарияланады.
  1. Жұмыс тобының өкілеттіктері
  1. Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1) тұрғындарды Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс  

туралы хабардар етеді;

2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;

3) Қағамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді;

4) Қазақстан Республикасыны Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысымен бекітілген, Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің негізінде Қоғамдық кеңес туралы Ереженің жобасын әзірлейді.

5.Жұмыс тобының отырыстарын дайындау және өткізу

  1.   Жұмыс тобының отырыстары өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда хатшы жұмыс тобының мүшелерін оның өткізілу уақыт, орны, талқыланатын мәселелер туралы құлақтандырады.
  2. Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.
  3.   Жұмыс тобының отырыстарын жұмыс тобының басшысы жүргізеді.
  4.   Жұмыс тобының отырыстарында шешімдер ашық дауыс беру жолымен қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады.
  5. Жұмыс тобының отырыстарында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды.
  6. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) жергілікті өкілді органның интернет-ресурсында оның атауын, пошталық мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілген электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып және Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес өзге де мәлеметтерді жариялайды.
  7. Жұмыс тобы отырыстарда Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар конкурсына қатысу үшін келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді.
  8. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.
  1.  Құрылған Қоғамдық кеңес құрамы жергілікті өкілді орган шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) жергілікті өкілді органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
  2. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады, ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқаның бүкіл құрамы сайланады.
  3. Қоғамдық кеңес төрағасы, хатшысы, төралқасы сайланған соң жұмыс тобының және оның төрағасының өкілеттіктері тоқтатылады.
  1. Қоғамдық кеңес отырыстарын өткізу талаптары мен тәртібі
  1. Қоғамдық кеңес қызметінің негізгі нысаны отырыс болып табылады, онда Қазақстан Республикасының заңдары бойынша оның құзыретіне жатқызылған мәселелер шешіледі.

Егер Қоғамдық кеңес отырысына оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды.

Отырыстың ұзақтығын Қоғамдық кеңес айқындайды.

Қоғамдық кеңестің әрбір отырысының алдында қатысып отырған Қоғамдық кеңес мүшелеріне тіркеу жүргізіледі, оның нәтижесін төраға отырыс басталардан бұрын жария етеді.

Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.

  1. Төраға Қоғамдық кеңес отырысын шақыру уақыты мен оның өткізілетін орны, сондай-ақ отырыстын қарауына енгізілген мәселелер туралы Қоғамдық кеңес мүшелеріне және халыққа кемінде бес күн бұрын хабарлайды.

Төраға Қоғамдық кеңестің қарауына енгізілетін мәселер бойынша қажетті материалдарды Қоғамдық кеңес мүшелеріне отырысқа кемінде үш күн бұрын табыс етеді.

  1. Қоғамдық кеңестің алдағы жұмыс жоспарының, Қоғамдық кеңестің

төрағасы, комиссиялары, төралқа және мүшелері енгізген мәселелердің негізінде отырыстың күн тәртібін төраға қалыптастырады.

Күн тәртібіне ұсыныстарды төраға жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары, қоғамдық ұйымдар ұсынуы мүмкін.

Күн тәртібін талқылау барысында ол толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.

  1. Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіптік және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.

Қоғамдық кеңестердің мүшелері өз өкілеттіліктері шегінде кеңесші дауыс беру құқығымен өзге де қоғамдық кеңестердің қызметіне қатыса алады, ал бұдан басқа, жергілікті деңгейде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Қоғамдық кеңесінің төрағасы облыстың Қоғамдық кеңесінің құрамына кіруге құқылы.

  1. Отырысқа шақырылған адамдар үшін отырыс залында арнайы орындар бөлінеді. Шақырылған адамдардың Қоғамдық кеңес отырысының жұмысына араласуына, Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қолдайтынын немесе қолдамайтынын білдіруіне жол берілмейді.

Шақырылған адам тәртіпті өрескел бұзған жағдайда, төраға шешімі немесе Қоғамдық кеңес мүшелерінің көпшілігінің талабы бойынша мәжіліс залынан шығарылуы мүмкін.

  1. Қоғамдық кеңестің отырыстары Қоғамдық кеңес айқындаған уақытта өткізіледі.

Төраға өз бастамасы бойынша немесе Қоғамдық кеңес мүшелерінің дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады. Отырыстың соңында мүшелерге қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі.

  1. Қоғамдық кеңестің отырыстарында баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және отырыстарды өткізу тәртібі бойынша, кандидатураларды талқылау, дауыс беру, анықтамалар мен сұрақтар үшін сөз сөйлеу регламентін Қоғамдық кеңес айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, төраға оның сөзін тоқтатады немесе отырысқа қатысып отырған мүшелердің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.
  1. Отырысты өткізу тәртібі бойынша сөз мүшеге сөз сөйлеп тұрған адамның сөзі аяқталған соң кезектен тыс беріледі. Төраға анықтама, сұраққа жауап және талқыланып отырған мәселе бойынша түсіндірме беру үшін кезектен тыс сөз бере алады.

Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде беріледі. Жазбаша сұрақтар төрағаға беріледі және Қоғамдық кеңестің отырысында жария етіледі.

  1. Қоғамдық кеңестің отырыстары хаттамаланады. Қоғамдық кеңестің хаттамалары отырыстар өткізілгеннен кейін кемінде бір айдан кешіктірілмей басылады.
  2. Отырыстарды өткізудің басқа да мәселелері Қоғамдық кеңестің шешімімен айқындалады.
  1. Қоғамдық кеңестің шешім қабылдау тәртібі
  1. Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген өкілеттіліктердің орындалу қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға ұсынымдар енгізеді, ол тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша он жұмыс күні ішінде береді.
  2. Ұсынымдардың жобасын талқылау тармақтар бойынша жүргізіледі. Жобаларға түзетулер ұсынылып отырған өзгерістер немесе толықтырулар

нақты тұжырымдалып, олардың шешім жобасының мәтініндегі орны көрсетіліп, жазбаша түрде беріледі. Осы талаптарды қанағаттандырмайтын түзетулер қарауға қабылданбайды.

  1. Қоғамдық кеңестің күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша ұсыным қабылдайды. Бір мәселе бойынша бірнеше нұсқасы енгізілген жағдайда, олардың әрқайсысы отырысқа қатысып отырған мүшелерге беріледі.

Ұсынымдардың енгізілген барлық жобалары дауысқа салынады. Жобалардың бірі негізге алынғаннан кейін мүшелер оған түзетулер қабылдау рәсіміне кіріседі.

  1. Түзетулер жеке-жеке дауысқа салынады, оларға дауыс берудің ретін төраға айқындайды.Түзету авторларының олардың мәні бойынша түсінік беріп немесе оларды талқылаудан алып тастау туралы ұсыныспен сөз сөйлеуіне жол беріледі.

Ұсынымдарға өзгерістер оларды қабылдау үшін белгіленген тәртіппен

енгізіледі.

8.Қорытынды ережелер

  1. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіліктерін тоқтату және шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіліктерінің қалған мерзіміне Қоғамдық кеңестің құрамына жаңа мүшесін қосу заңмен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
  2. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді аудандық мәслихат жүзеге асырады.