Өмірбаяны

Есқалиева Бақыт Мүбаракқызы 1967 жылы 1 қаңтарда  Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосында дүниеге келген. 1984-1989 жылдар аралығында Ақтөбе педагогикалық институтын «Математика және физика» мамандығы бойынша бітірген. Алғаш еңбек жолын 1989-1994 жылдар аралығында Н.К.Крупская атындағы Ойыл қазақ орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1994-1995 жылдар аралығында мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2011 жылы Қаракемер мектеп-балабақшасында математика пәнінің мұғалімі болған. 2018 жылдан бастап Қаракемер мектеп-балабақшасының директоры қызметін атқаруда. Отбасылы, отбасында 3 бала тәрбиелеуде.