Қош келдіңіздер!

 

Сіздерді жергілікті өкілетті орган –Ойыл аудандық маслихатының ресми сайтында белсенділік танытуыңызға қуаныштымын.

 

Аудандық маслихаттың осы сайты депутаттардың халықпен байланысы ары қарай тереңдеп,кеңейеді деп үміттенемін.Маслихаттың қызметі туралы,ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және алдағы даму болашағы туралы ақпаратты ала алады.

 

Сайтта аудандық маслихаттың қабылданған шешімдері мен нормативтік құқықтық актілері туралы ақпарат орналастырылған.

 

Сіздер «Сұрақ-жауап»бөлімінде аудандық маслихат аппараты мен депутаттарының диалогына қатысып, аудандық маслихат шешімдерінің жобасын талқылап,маслихаттың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізе аласыздар.Әрбір сайлаушы тікелей депутатқа жүгініп,өзін қызықтырған сұраққа жауап ала алады.  

 

Ойыл ауданы маслихатының ресми wed-сайты жергілікті және өзін-өзі басқару саласындағы сұрақтарды халықтың кең қатысуымен шешуге себеп болып, келушілерге ақпараттың қайнар көзі мен сенімді көмекшісі болады деп үміттенемін.

 

Құрметпен,жетінші шақырылған Ойыл ауданы маслихат хатшысы Займолдин Сакен Ғазизұлы.

Сұрақ қою