Өмірбаяны

 

Сармұханов Серік Кәдірғалиұлы 1987 жылы 13 шілдеде Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосында дүниеге келген. 2004-2009 жылдар аралығында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін ветеринарлық дәрігер мамандығы бойынша бітірген. 2006-2014 жылдар аралығында Ойыл аудандық ветеринариялық станциясында жұмысшы, лицензиялық ветеринарлық дәрігер, пункт меңгерушісі, бас ветеринарлық дәрігер болып әртүрлі қызметтерде жұмыс жасаған. 2014 жылдан бастап Ойыл аудандық ветеринарлық стациясының директоры қызметін атқаруда. Отбасылы, отбасында 4 бала тәрбиелеуде.