Өмірбаяны

 

Омарова Мейрамгүл Бақтығалиқызы 1974 жылы 26 ақпанда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Көптоғай ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Құрман орта мектебін бітіріп, алғашқы еңбек жолын Қарасу негізгі мектебінің жанындағы интернатта тәрбиеші болып жұмыс атқарған. 1992-1994 жылдар аралығында Ақтөбе педагогикалық училищесін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1994 жылы Ойыл қазақ орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, 1995 жылдан бастап Құрман орта мектебінде мұғалім болып жұмыс жасаған. Жұмыс жасай жүріп, 2000 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін "Бастауыш сынып мұғалімі және педагогика әдістемесі" мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылдан бастап "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы" МКҚК меңгерушісі қызметін атқаруда. Отбасылы, отбасында 3 бала тәрбиелеуде.