Өмірбаяны

 

Нұрбаев Сәндібек Мұхамбетжанұлы 1973 жылы 3 сәуірде Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосында дүниеге келген. 1990 жылы № 22 Ойыл кәсіптік-техникалық училищесінде тракторист-машинист мамандығын алған. 1994-2000 жылдар аралығында Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі факультеті бойынша аяқтаған. 2001-2002 жылдары М.Оспанов атындағы БҚММ академиясы жанынан хирургия мамандығы бойынша интернатурада оқыған. 2002 жылдың шілде айынан бастап Ойыл аудандық ауруханасына хирург дәрігері, 2013 жылдан бастап Ойыл аудандық ауруханасының бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерінде болған. 2014 жылы Ойыл аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметін уақытша атқарған. 2015 жылдан бастап Ойыл аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқаруда. Отбасылы, отбасында 4 қыз тәрбиелеуде.