Өмірбаяны

 

Ғазез Аңсаған Қарасайқызы 1994 жылы 15 қаңтарда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосында дүниеге келген. 2013 жылы Ойыл аграрлық колледжін есеп және аудит мамандығы бойынша аяқтаған. 2013 жылы жастар тәжірибесі бойынша «Ойыл аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінен іс-тәжірибеден өткен. 2014 жылдан бастап «Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бухгалтер қызметін атқаруда. 2014-2017 жылдары қызметте жүріп Ресей федерациясының Мәскеу қаласындағы Халықаралық экономика байланыс институтын экономика бакалавры бойынша бітірген. Тұрмыс құрмаған.