Өмірбаяны

Берғалиев Исатай Шаймерденұлы 1977 жылы 8 қыркүйекте Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосында дүниеге келген. 1994-1995 жылдары аралығында Ойыл кәсіптік лицейінің қысқа мерзімді курсын аяктап, есепші мамандығын алған. 1995-1997 жылдар аралығында Ақтөбе ауылшаруашылығы колледжін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы «Жастық» шаруа қожалығының төрағасы болып бастаған. 2000 жылы жеке кәсіпкер «Бергалиев И.Ш.», 2003 жылы «Бизнес-Инкубатор-Ойыл» қоғамдық қорының төрағасы, 2009 жылы «Ойыл-Авто» ЖШС директоры болып жасаған. Қазіргі таңда  «Жастық» ШҚ басшысы қызметін атқаруда. Отбасылы, отбасында 4 бала тәрбиелеуде.