АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ СЕССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

«02» қыркүйек 2020 жыл

№ 55

Ойыл селосы  

     

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу

екінші сессиясын шақыру туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 18 бабы 4 тармағы, 1) тармақшасына және аудан әкімінің 2020 жылғы 02 қыркүйектегі №01-05/1499 ұсынысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

Алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың  кезектен тыс елу екінші сессиясы 2020 жылдың 03 қыркүйек күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

1. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 367 «2020-2022 жылдарға арналған Ойыл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: Дәулетқалиев С.Т.- Ойыл ауылдық округі әкімі

2. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 368 «2020-2022 жылдарға арналған Көптоғай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: Асылбаев Е.Б.- Көптоғай ауылдық округінің әкімі

3. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 369 «2020-2022 жылдарға арналған Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: Избасов  Ә.Ж.- Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі әкімі

4. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 370 «2020-2022 жылдарға арналған Саралжын ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: Мүбараков А.Қ.- Саралжын ауылдық округінің әкімі

5. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 371 «2020-2022 жылдарға арналған Сарбие ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: Бисебаев Д.Қ.- Сарбие ауылдық округінің әкімі

6. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 372 «2020-2022 жылдарға арналған Қараой ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: Сұлтанов А.- Қараой ауылдық округінің әкімі

7.Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 373 «2020-2022 жылдарға арналған Қайыңды ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: Қосдаулетов Ы.- Қайыңды ауылдық округінің әкімі       

8. Ойыл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Хабарламашы: Атағалиев Н.А.–аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: Б.Е.Жұмырбаев