Аудандық мәслихаттың кезекті LI сессиясының баспасөз-хабарламасы

2020 жылғы 17 тамызында аудандық мәслихаттың кезекті елу бірінші сессиясының жалпы отырысы №5 Берсиев сайлау округінен депутат Көздіғарин Берік Ерболұлының төрағалық етуімен өтті


Сессия жұмысына аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы Қазыбаев және аудандық мәслихаттың хатшысы Еркін Жұмағазыұлы Жиеналин, кейбір аудандық бөлімдер басшылары мен бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты.

Сессияның негізгі мәселесі «Аудан әкімінің 2020 жылдың I-жартыжылдығында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін атқару туралы аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі».

Сессияда қаралған мәселелер бойынша баяндама жасады:
             1.   Аудан әкімінің 2020 жылдың I-жартыжылдығында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін атқару туралы аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі

                 Баяндамашы: А.Қ.Қазыбаев - аудан әкімі

  1. Аудандық мәслихаттың білім, мәдениет, денсаулық сақтау, құқық тәртібі және жастар саясаты  мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі

                    Хабарламашы:  Ы.Т.Қосдәулетов - аудандық мәслихаттың білім, мәдениет, денсаулық сақтау, құқық тәртібі және жастар саясаты мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

  1. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы  №361 «2020-2022 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы                
  2. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 362 «Ойыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

                        Хабарламашы:  Қ.Ж.Ұлықпанов - аудандық экономика  және  бюджеттік жоспарлау  бөлімінің  басшысы

  1. Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы
  2. Ойыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
  3. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 27 наурыздағы №80 «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

         Хабарламашы:   Б.Ж.Иманғалиев - аудандық жұмыспен қамту  және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басшысы

  1. «Ойыл ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы

          Хабарламашы:   М.Б.Айдарбаев – аудан әкімінің орынбасары

  1. Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 29 тамыздағы №208 «Ойыл ауданы бойынша терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  2. Аудандық мәслихаттың «Аудан әкімдігі жанындағы ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консултациялық-кеңесші органдардың дербес құрамдарын қайта бекіту туралы» 2009 жылғы 30 қыркүйектегі №159 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  3. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 28 қазандағы №166 «Аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  4. Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 31 наурыздағы №263 «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын ішінара өзгерістерімен қайта бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  5. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 27 наурыздағы №79 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аймақтық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  6. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №179 «Ойыл ауданы аумағында төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою қайта құру және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

         Хабарламашы: Е.М.Тлепов - аудан әкімі аппаратының  басшысы

  1. Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 241 «Аудандық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         Хабарламашы: Ж.М.Ержанов - аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы

  1. Депутат Ы.Т.Қосдәулетовтың  депутаттық  өкілеттігін мерзімінен  бұрын тоқтату туралы

         Хабарламашы: Б.Т.Бисекенов - аудандық аумақтық сайлау  комиссиясының төрағасы

  1. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 256 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  2. Аудандық мәслихаттың кезекті елу екінші сессиясының төрағасы мен күн тәртібі туралы

              Ұсыныс жасаушы:  Е.Ж.Жиеналин - аудандық мәслихат хатшысы

 

Аудандық мәслихаттың кезекті елу бірінші сессиясында 18 мәселе түгел қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.