Жиеналин Еркін Жұмағазыұлының

ӨМІРБАЯНЫ

 

Мен, Жиеналин Еркін Жұмағазыұлы 1973 жылы, 24 тамызда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саралжын кеңшарында дүниеге келдім.

         Әкем - Жиеналин Жұмағазы Зайырұлы, анам -  Талдыбаева Роза Нұрбергенқызы, екеуі де педагогтар.

         1980-1986 жылдары Ойыл ауданы, Саралжын кеңшарының, Ақкемер ауылында Жамбыл атындағы сегіз жылдық мектепте оқып, 1990 жылы Жетікөл кеңшарының Қараой орта мектебінен 11 сыныпты бітірдім.

         1990 жылы Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтының филология факультетіне түсіп, оны 1994 жылы  қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығымен тәмамдап шықтым.

         Еңбек жолымды 1994 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданы Новоалексей қазақ орта мектебінен бастап, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып, осы мектеп қабырғасында 10 жылдай қызмет атқардым.

         2003 жылы Қобда ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени даму бөлімінің бастығы болып, 2005 жылы бөлімнің құрылымдық және құзырлық өзгеруіне сәйкес ақпараттық талдау бөлімінің бастығы болып қызмет атқардым.

         2006 жылы Қобда ауданы әкімінің өкімімен И.Құрманов атындағы ауылдық округ әкімі лауазымына тағайындалып, сол жылы Қобда ауданы әкімінің орынбасары қызметінде әлеуметтік сала бағытында еңбек еттім.

         2008 жылы облыстық «Достық үйі» директорының орынбасары болып еңбек етіп және сол жылы «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының идеология және қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің консультанты қызметіне ауыстым.

         2009 жылы сәуір айынан бастап Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында біліктілікті арттыру бөлімінің бастығы болып жұмыс жасадым.

         2010 жылы 4 сәуірден бастап Ойыл ауданы, Ойыл селосының әкімі болып тағайындалып, 2011 жылдың 17 қараша айынан бастап 2019 жылдың 24 маусымына дейін «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет етім.

         2019 жылдың 25 маусымынан бастап Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы болып сайландым.

        Отбасылымын. Бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырмын.